Халықты инфрақұрылыммен біркелкі қамтамасыз ету мақсатында Үкімет биыл Өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті. Құжат өңірлердің жай-күйі мен даму мүмкіндіктерін кешенді бағалауды көздейді. Бұған сәйкес әлеуметтік-инженерлік объектілерге қол жетімділікті жақсартуға ерекше мән беріліп, Өңірлік стандарттар жүйесі негізінде келер жылдан бастап артта қалған аймақтардың бюджетін ұлғайтуға басымдық беріледі. Бұл шалғайда жатқан елді-мекендердің жағдайын жақсартуға үлкен жол ашары сөзсіз. Тұжырымдамаға сәйкес аудан әкімдерінің өкілеттіктері кеңейтіліп, оларға аудандардың дамыту жоспарын өз бетінше әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік беріледі.
Аймақтардың әлеуетін арттыруға ден қойылды

