Қазақстанның тау-кен металлургия саласы ірі салық төлеуші мен жұмыс беруші ғана емес, сонымен қатар өңірлердегі шағын және орта кәсіпкерліктерге (ШОБ) тірек болатын маңызды кешен. Шахталар, фабрикалар мен зауыттардың айналасында шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы орта қалыптасып, бұл жергілікті бизнестің өсуіне жол ашып отыр. Өңірлердегі бұл әсерді нақтырақ түсіну үшін кешеннің жетекші компанияларының тәжірибесін қарастырайық.
«ШОБ белдеуі»: мемлекет жергілікті жеткізу тізбектерін қалай ынталандырады
«ШОБ белдеуі» – ірі кәсіпорындардың айналасында орналасқан шағын және орта кәсіпкерліктерге мемлекеттің қолдау білдіруін айтайды. Себебі өнеркәсіптің басым бөлігі моноқалаларда шоғырланған. Ал жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастық өндірістің барлық сатысын толықтырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өндірісті дамытуға мүмкіндік береді. Бұрын мұндай келісімдер кәсіпорындардың жеке қалауы бойынша жасалса, қазір ұзақ мерзімді офтейк-шарттар мен басқа да қолдау құралдары заң жүзінде бекітілген. Қазақстанның тау-кен металлургия кәсіпорындары әрдайым осы бағытқа мән беріп, шахталар мен зауыттардың айналасында жеткізушілер мен қызмет көрсету экожүйесін дамытып келеді.

